04:33 25 Шілде 2017
Тікелей эфир
Жолдағы апат белгісі

Ресейде көлік апатынан үш қазақстандық зардап шекті

CC0 / Rico_Loeb
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
8 0 0

Апатқа кінәлі жүргіузші мен оның екі жолаушысы ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

АСТАНА, 11 қаз – Sputnik.  Ресейде автокөліктер соқтығысып, үш қазақстандық жарақат алды деп хабарланды Орынбор облысы бойынша РФ ІІМ басқармасының сайтында.

Көлік апаты Қазан – Орынбор – Ақбұлақ жолында  болған. Орынбордан Соль-Илецк қаласына бағыт алған Volkswagen Polo көлігінің жүргізушісі солға бұрылғанда, өзін озбақшы болған Mercedes-Benz автокөлігінің жолына кедергі болып, соның нәтижесінде көліктер соқтығысқан. 

Көлік апатынан жабық бас сүйек-ми зақымын алып, миы шайқалған 46 жастағы Volkswagen Polo көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Осы көліктің екі жолаушысы іш және бас миы жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің бәрі Қазақстан азаматтары. 

Көлік апаты бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізуде.  


Басты тақырыптар