Оқиға

Ресейде көлік апатынан үш қазақстандық зардап шекті

© Photo : Rico_LoebЖолдағы апат белгісі
Жолдағы апат белгісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Апатқа кінәлі жүргіузші мен оның екі жолаушысы ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

АСТАНА, 11 қаз – Sputnik.  Ресейде автокөліктер соқтығысып, үш қазақстандық жарақат алды деп хабарланды Орынбор облысы бойынша РФ ІІМ басқармасының сайтында.

Оцепление - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы облысындағы жол апатынан төрт адам қаза тапты

Көлік апаты Қазан – Орынбор – Ақбұлақ жолында  болған. Орынбордан Соль-Илецк қаласына бағыт алған Volkswagen Polo көлігінің жүргізушісі солға бұрылғанда, өзін озбақшы болған Mercedes-Benz автокөлігінің жолына кедергі болып, соның нәтижесінде көліктер соқтығысқан. 

Көлік апатынан жабық бас сүйек-ми зақымын алып, миы шайқалған 46 жастағы Volkswagen Polo көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Осы көліктің екі жолаушысы іш және бас миы жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің бәрі Қазақстан азаматтары. 

Көлік апаты бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізуде.  


Жаңалықтар
0