03:40 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Соққыға жығылған баскетболшы Игорь Нанаев

ІІД: баскетболшы Нанаев соққыға жығу емес, төбелес нәтижесінде қаза тапты

© Foto: социальные сети
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
Петропавлдағы баскетболшының өлімі (5)
20 0 0

АСТАНА, 11 қаз – Sputnik.  Баскетболшы Игорь Нанаев соққыға жығу емес, төбелес нәтижесінде қаза тапты деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Еңбек Сембин брифингте.

Қазанның 2-сінен 3-іне қараған түні Петропавл қаласындағы ойын-сауық клубтарының маңында келушілер арасында қақтығыс орын алып, соның салдарынан "Барыс" баскетбол клубының ойыншысы Игорь Нанаев аяусыз соққыға жығылды. Спортшы ауыр хәлде облыстық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді. Бір аптадан астам уақыт бойы ол комада жатты. 10 қазан күні есін жимастан көз жұмды.

"23 жасар жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірген фактке байланысты СҚО ІІД тергеу басқармасы ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлімі бойынша (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және соның салдарынан болған адам өлімі) сот алды тергеу жүргізуде", — деп хабарлайды Сембин.

Оның айтуынша, істің мән-жайын жан-жақты зерттегеннен кейінгі бастапқы процестік шаралар комплексі көрсеткендей, 3 қазан күні "Парк Сити" ойын-сауық кешені маңында екіжақты төбелес болған, соның нәтижесінде Игорь Нанаев дене жарақаттарын алған.

"21 жасар күдікті ұсталып, тергеу изоляторына әкелінді. Оған қатысты бұлтартпау шарасы қамауға алу қолданылды. Сот екі айға қамауға алуға санкция шығарды", — деді облыстық ІІД бастығының орынбасары іске қатысты. 


Тақырып:
Петропавлдағы баскетболшының өлімі (5)

Басты тақырыптар