22:02 18 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Алматыда Руслан Күлекбаевқа қатысты сот отырысы басталды.

Алматыда Күлекбаевтың ісі бойынша сот басталды

© Sputnik /
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Алматыдағы терактіні тергеу (11)
23 0 0

Алматыда Руслан Күлекбаевқа қатысты сот отырысы басталды.

АСТАНА, 17 қаз — Sputnik. Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шілде айында Алматы полиция қызметкерлеріне шабуыл жасау туралы іс бойынша алдын ала тыңдау басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан. 

Алматыда Күлекбаевтың ісі бойынша сот басталды
© Sputnik /
Алматыда Күлекбаевтың ісі бойынша сот басталды

Он сегізінші шілде күні қаруланған ер адам Алматы полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады. Тоғыз адам қаза тапты. Қылмыскерді ұстау бойынша арнайы операция өткізу кезінде қалада террористік қауіптіліктің "қызыл" деңгейі енгізілді. Шабуыл жасаушы сол күні ұсталды. 

Ол бұрын екі рет сотты болған 26 жасар Қызылорда облысының тумасы  Руслан Күлекбаев болып шықты. Қазақстан президенті оқиғаны теракт деп атады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде ұсталғанның бұрын түрмеде салафиттермен байланыста болғанын атап өтті. 

Сот отырысы тергеу изоляторының ғимаратында ашық түрде өтуде. Процесті сот төрағасы Маратбек Кәкімжанов жүргізіп жатыр. 

"Басты сот отырысы 24 қазан сағат 10.00-де басталады. Сот ашық түрде өтеді", — деді судья. 

Прокуратураның деректеріне сәйкес, Күлекбаев құқық қорғау және арнайы органдардың сегіз қызметкерінің қазасына әкелген лаңкестік акт жасады деп айыпталуда, сонымен қатар оған екі немесе одан да көп адамды өлтірді, өлтіруге үшін шабуыл жасады деген айып тағылып отыр.

Күлекбавпен бірге сотқа тағы бес адам берілді. Олар қаруды заңсыз сақтау, ұстау және сатып алуда айыпталып отыр. Сонымен қатар олар Күлекбаевпен бірге кәсіпкерге қарақшылық  шабуыл жасады деп айыпталды.  

Ведомствоның мәліметінше, тергеу тобы 57 сот сараптамасы мен зерттеулер жүргізді және болған оқиғаның барлық жәйттерін анықтау мақсатында 200-ден астам куәгерлер мен оқиғаны көрген адамдарды тергеген. 



Тақырып:
Алматыдағы терактіні тергеу (11)
Загрузка...

Басты тақырып