Оқиға

Алматы облысындағы көлік апатында бес адам қаза тауып, бес адам жарақат алды

© Sputnik / Болат ШайхиновӨтпеу керек
Өтпеу керек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үшеуі оқиға орнында қаза тапты, тағы екеуі ауруханада көз жұмды. Аман қалған зардап шегушілердің арасында бес және алты жасар екі қыз бар.

АСТАНА, 28 қаз — Sputnik.  Алматы облысында көлік апатында бес адам қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігі тілшісі. 

Автобус жыраға құлады - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақмола облысында автобус жыраға құлап, 12 адам зардап шекті

Деректер бойынша, жол көлік апаты Алакөл ауданында Балапанов ауылы маңында "Алматы-Өскемен" тас жолының 526 км-де сағат 20:00 кейін болған. Geely SC 7 және Toyota Camry  автокөліктерінің бетпе-бет соқтығысуы нәтижесінде апат болған жерде үш адам қаза тауып, екеуі ауруханада көз жұмды. 

"Жол апаты фактісі бойынша бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Сот алды тергеу ісі облыстық жауап алу басқармасы қызметкерлеріне тапсырылады", — деді Алматы облысы ІІД.

Жаңалықтар
0