Оқиға

Павлодарда миллиондаған қаражат ұрлаған күдіктілер ұсталды

© AP Photo / Peter DejongТұтқындалған адам
Тұтқындалған адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тергеу ісі барысында күдіктілердің Павлодар облысы аймағында 20 рет ұрлық жасағаны анықталды. Күдіктілердің ең үлкені 52 жаста, ал жасы – 22.

АСТАНА, 31 қаз — Sputnik.  Ұрлық жасады деген күдікпен ұсталғандар қамауда отыр деп хабарлады Павлодар облысының баспасөз қызметі.

17 қазанға қараған түні Ақтоғай аулында белгісіз біреулер темір тор мен пластикалық терезені ашып, Павлодардағы ЖШС бірінің кассасынан 15 миллион теңгеден астам ақша ұрлап кеткен.

Бұрын сотталған және есепке алынған тұлғаларды тексеріп шыққан полиция қылмысқа қатысы барларды анықтады.

Төрт күдікті компания кеңсесіне ақша ұрлауға өзара келісіп, қылмыстық жоспар құрған. 

"27  қазаннан 28 қазанға қараған түні кәсіпорын территориясына кіріп, қоймадағы сейфтен бір жарым миллионға жуық теңге ұрлап кеткен. Жедел іздестіру тобы және арнайы бөлімшенің қызметкерлері үш күдікті отырған "ВАЗ 21099" автокөлігін тоқтатқан", — делінген хабарламада. 

Тергеу ісі барысында күдіктілердің Павлодар облысы аймағында 20 рет ұрлық жасағаны анықталды. Күдіктілердің ең үлкені 52 жаста, ал жасы – 22. Ұсталғандар қамауда отыр. 

Жаңалықтар
0