Оқиға

Шымкенттік шопырлар жолға таласып төбелесті

© Photo : ДВД ЮКОШымкенттегі төбелеске қатысқан такси шопырының көлігі
Шымкенттегі төбелеске қатысқан такси шопырының көлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төбелеске қатысқан барлық адамдар ұсталып, "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

АСТАНА, 1 қар — Sputnik. Шымкентте екі автокөлік жүргізушілері жолға таласып, көмекке достарын шақырған, сөйтіп, қоғамдық жерде жаппай төбелес ұйымдастырған деп хабарлайды ОҚО ішкі істер департаменті.

Тапанша - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қанды түн: Шымкентте түнгі клубта жас жігітті атып кетті

Оқиға 28 қазан күні кешкісін болған, құқық қорғау органдары бұл жайында енді ғана мәлімдеп отыр. 40 жастағы такси шопыры мен 33 жастағы Toyota автокөлігі жүргізушісі бір-біріне жол бермей қойғандықтан, қақтығысып қалған. 

Такси шопырының айтуынша, Toyota автокөлігінен екі адам шығып, оны соққығы жыққан, содан кейін көлігінің терезесін шағып, қашып кетпек болған. Сол кезде шопыр оларды қуып жетіп, көмекке достарын шақырып, төбелес ұйымдастырыпты. 

Төбелеске қатысқан барлық адамдар ұсталды.

"Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот алды тергеу жұмысы жүргізілуде. 

Жаңалықтар
0