21:05 18 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Судья алматылық атқыш Руслан Күлекбаевқа шығарылған үкімді оқып тұр

"Алматылық атқыш" Күлекбаев өлім жазасына кесілді

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Алматыдағы терактіні тергеу (11)
248 0 0

Руслан Күлекбаев 18 маусымда Алматыда полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады. Салдарынан 10 адам қаза тапты, оның ішінде екі азаматтық тұлға.

АСТАНА, 2 қар — Sputnik. Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сәрсенбіде құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтің 8 қызметкерін қосқанда 10 адамды өлтірді деген айып тағылған Руслан Күлекбаевқа өлім жазасын тағайындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан. 

"Руслан Күлекбаевқа өлім жазасы тағайындалсын", — деді судья үкімді жариялау отырып. 

18 шілде күні қаруланған ер адам Алматыда полицейлерге шабуыл жасады. Бұл оқиғада 10 адам қаза тапты, оның ішінде әйел адам полицейлерге шабуыл жасар алдындағы түнде өлтірілген болатын. Қылмыскерді ұстау арнайы операциясын жүргізу кезінде қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі енгізілген еді. Шабуыл жасаған адам сол күні ұсталды. Ол бұрын екі рет сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы Күлекбаев болып шықты. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев болған оқиғаны теракт деп атады. Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде хабарлағандай, тұтқындалушы бұдан бұрын жазасын колонияда өтеп жүріп, салафиттермен байланысқа түскен.

Күлекбаев сотта өзінің полицияның бірнеше қызметкері мен бейбіт тұрғындарды өлтіргенін мойындап, жасаған әрекеттері үшін еш өкінбейтінін мәлімдеген. Ол кез келген жазаға дайын екендігін айтқан. Соңғы сөзінде ол құқық қорғау органдары азаптаған мұсылман бауырларымның кегін қайтардым деп есептейтінін мәлім еткен. 

Руслан Күлекбаевқа нәтижесі сегіз құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлерінің және екі бейбіт тұрғынның өліміне алып келген террористік акт жасады деген айып тағылды.

Тақырып:
Алматыдағы терактіні тергеу (11)
Загрузка...

Басты тақырып