03:33 22 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD346.68
  • EUR404.02
  • RUB5.47
Доллар

Алматыда алаяқтар банктік шоттан бес жүз мың АҚШ долларын алып кеткен

© Sputnik / Максим Богодвид
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
21 0 0

Үш алаяқ жасанды құжаттармен еш кедергісіз өзге адамның есеп шотынан ірі сома шешіп алған. Алайда көп ұзамай олар ұсталды. Басты орындаушы ұзақ мерзімге сотталды.

АСТАНА, 3 қар — Sputnik. Алаяқтар Қытайда оқуда жүрген шымкенттіктің есеп шотынан жарты миллион АҚШ долларынан асатын соманы шешіп алған. Афераға қатысушылардың бірі ұсталып, мүлкін  тәркілеумен жеті жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. 

Қылмыстық істің материалдары бойынша, 2015 жылғы күзде Алматы облысының 28 жасар тұрғыны Анатолий Иванов сол уақытта Қытайда оқуда болған Шымкент тұрғыны атынан АТФ Банкінде ірі сомада (552 875,64 АҚШ доллары) депозиттік шоттың ашылғанын білген.

Тергеу мен сот Иванов пен оның сыбайластары банктік депозиттен қаражатты иеленбек болып, ол үшін есепті басқаруға нотариалдық жасанды сенім хат жасап алғандықтарын анықтаған. Бұдан бөлек жасанды құжаттармен қаскүнемдер банк менеджерлерінің бақылау қоңырауына жауап беру үшін жәбірленушінің SIM-картасының дубликатын жасап алған.

Банк бөлімшесінің бастығы банк клиентінің телефон нөміріне қоңырау соққан. Әңгіме барысында алаяқтар Ивановтың қаражатты басқаруға құқылы екенін растаған.

Нәтижесінде Иванов депозиттік шоттан 7 АҚШ долларын  шешіп алған. Қалған соманы теңгеге аударып, (165,3 миллион теңге) өзге банкте өзінің атына ашылған шотқа аударып, сол күні шешіп алған. 

2016 жылғы 5 қазанда Алматы қаласы №2 Бостандық ауданының соты Анатолий Ивановтың мүлкін  тәркілеумен, оны жеті жылға бас бостандығынан айыруға соттады. АТФ Банкінің баспасөз қызметі бейсенбіде осы қылмыстық іске қатысты түсінік берді. Банктің ақпаратына сәйкес, қаржы мекемесі алаяқтың фактісін анықтап, құқық қорғау органдарына арызданған. 

"Біріншіден, біздің клиент материалдық тұрғыдан жапа шеккен жоқ. Банк ұрланған ақшаны толық өтеді. Бұл біздің клиенттеріміздің білуі тиіс басты мәселе",- делінген банктің хабарламасында. 


Басты тақырыптар