Оқиға

Шымкенттік полицей көпірден секірмек болған ер адамды құтқарды

© Photo : пресс-служба ДВД ЮКОКөпірден секірмек болған ер адам
Көпірден секірмек болған ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеке өміріндегі проблемаларға байланысты Шымкенттің 37 жасар тұрғыны көпірден секірмек болған.

АСТАНА, 3 қар — Sputnik. Шымкент қалалық ІІБ Жергілікті полиция қызметі Жол-патрульдік полиция полкі стационарлық бекетінің қызметкері полиция сержанты Рүстем Кадиров Тәуелсіздік паркі маңындағы көпірден секірмек болған ер азаматтың өмірін сақтап қалды, делінген Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.   

Сәрсенбі, 2 қараша күні кешкі уақытта полиция сержанты Кадиров жаяу патрульді наряд кезінде көпірдің теміріне асылып, көпірден секірмек болған азаматты байқайды.

Полицей масаң халдегі ер адамға қарай жақындайды. Оның көңілін әңгімеге бұрып, сержант Кадиров ер адамды көйлегінен ұстап, әріптестерімен бірге көпірдің қауіпсіз жеріне өткізеді.

Ер азамат 1979 жылы туылған, алдын сотты болған жергілікті тұрғын екені анықталды. Өзіне қол жұмсамақ болған азаматты стационарлық бекетке жеткізіп, медициналық көмек көрсеткен.

37 жастағы азаматтың түсіндіруінше, бұл қадамға баруға оның жеке өмірінің мәселелері түрткі болған. Ол өмірін арашалап қалған полицейлерге алғысын айтты.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның орын алу барысын анықтауда.


Жаңалықтар
0