Оқиға

Бес жыл бойы іздеуде жүрген Қазақстан азаматшасы БАӘ-нен экстрадицияланды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтутүрме
түрме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел кісі алаяқтық жолмен 120 000 АҚШ долларын иемденіп алды деп айыпталып отыр.

АСТАНА, 10 қар — Sputnik. Алаяқтық жасады деген күдік келтірілген Қазақстан азаматшасы Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Доллар - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда алаяқтар банктік шоттан бес жүз мың АҚШ долларын алып кеткен

Әйел кісі 120 000 АҚШ долларын алаяқтық жолмен иемденді деп айыпталып отыр. 

Күдікті 2011 жылы өзін мұнай компанияларының бірінің  бұрынғы қызметкері ретінде көрсете отырып, бір кәсіпкерді күкірт шикізатын жеткізу бойынша тиімді келісімшарт жасап беремін деп алдаған. Оның өтініші бойынша келісімшарт жасауға кететін шығындар үшін оған 120 000 АҚШ доллары берілген. Ақшаны алған бойдан күдікті бой тасалап, шетел асқан.

Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды. 

 

Жаңалықтар
0