Оқиға

ЭКСПО: көрме аумағында сәндік конструкция құлады

© Photo : аккаунт Гаухар Утелбаевой в FacebookЭСКПО-2017 халықаралық көрмесі территориясындағы нысанның бір бөлігінің қирауы
ЭСКПО-2017 халықаралық көрмесі территориясындағы нысанның бір бөлігінің қирауы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Астана ЭКСПО-2017" АҚ мәліметінше, сәндік құрылыстың қирауы салдарынан ешкім зардап шекпеген.

АСТАНА, 16 қар — Sputnik.  Ғаламторда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аумағында салынып жатқан нысанның құлаған бөлігі түсрілген бейнежазба пайда болды.

Болжам бойынша, бейнежазбаны 16 қараша күні жұмысшылар түсіріп алған. 

"Бүгін екі павильон арасындағы сәндік көпір конструкциясы құлап кетті. Мамандар құрылыстың құлау себептерін анықтайды", — деді "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Сергей Куянов Sputnik Қазақстан агенттігіне телефон арқылы.

Оның сөзіне сүйенсек, конструкцияны BI Group құрылыс компаниясы салып жатқан көрінеді.

Куяновтың мәліметінше, құрлыстың қирауы салдарынан зардап шеккендер немесе қаза тапқандар жоқ.


Жаңалықтар
0