Оқиға

Ақтаудан шыққан радиоактивті жүгі бар вагон Шымкентте ұсталды

© Sputnik / А.Соломонов / Медиабанкке өтуядролық отындардың қалдығын тасымалдауға арналған арнайы вагон
ядролық отындардың қалдығын тасымалдауға арналған арнайы вагон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шымкент темір жол станциясында құрамында 845 келі радиоактивтік заттар бар вагон ұстады. Қауіпті жүкті жөнелтуші, прокуратураның болжамынша, ақтаулық "Радиофон" компаниясы.

АСТАНА, 17 қар — Sputnik. Радиоактивтігі рұқсат етілген мөлшерден жүз есе асатын жүгі бар вагон Шымкент темір жол станциясында анонимдік қоңырау бойынша ұсталды, деп хабарлады бейсенбіде қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Қадағалау ведомствосының ақпаратына сәйкес, сәрсенбі, 16 қарашада Шымкент көлік  прокуратурасына "Маңғышлақ-Алматы" қатынасындағы  №378 пойызының багаж вагонында салмағы 485 келі болатын жеті ағаш жәшік табылды, деген анонимді хабар түскен. 

Жүкқұжатта жүк атауы "дефектоскоп" деп көрсетілген. Радиоактивтік фонды өлшеу кезінде  ТЖД қызметкерлері радиоактивтік сәулеленудің рұқсат етілген нормасынан асатыны анықталды. 

"Вагонды ағытудан кейін Ұлттық сараптама орталығы филиалының мамандары дозиметриялық зерттеу жүргізіліп, рұқсат етілген 2 микрозиверт/сағ тен 57-ге дейін артуы анықталды", — делінген хабарламада. 

Прокуратураның алдын ала ақпаратына сәйкес, аталған жүктің жөнелтушісі ақтаулық "Радиофон" ЖШС. Әзірге қауіпті вагон ішіндегі заттарымен жолаушылар құрамынан босатылып, күзетке алынды және қауіпті жүкті ұстауға арналған жолға қойылды. Прокуратура қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізуде. 


Жаңалықтар
0