Оқиға

Ақмола облысында екі бала иіс газынан уланды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Степняк қаласында тұратын ағайынды екі ұл балаға иіс тиіп қалды.

АСТАНА, 20 қар – Sputnik.  Ақмола облысында екі бала иіс газынан уланып, ауруханаға жатқызылды деп хабарлады аймақтық төтенше жағдайлар бойынша департамент баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

ауылдағы от жағатын үйлер - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қарағанды облысында жеті бала мен әйел кісі иіс тиіп уланды

Оқиға 19 қараша күні Ақмола облысындағы Степняк қаласында болған.

"Жеке тұрғын үйде пештің жапқышы жабулы күйінде қалғандықтан, 2005 және 2010 жылдары туылған екі ер бала иіс газынан уланып қалды. Кәмілеттік жасқа толмаған ағалі-інілі балалар Еңбекшілер аудандық ауруханасына жатқызылды, жағдайлары қанағаттандырарлық", — деп хабарлады ТЖД.

Мұндай жағдай бірінші рет орын алып отырған жоқ. 12 қарашадан 13-іне қараған түні Есіл ауданында үй иесі іштегі жылу шығып кетпесін деп пештің жапқышын қымтап қойған. Нәтижесінде 2001 және 2008 жылдары туылған екі баласына иіс тиіп, ауруханаға түсті. Қазіргі уақытта балалар жазылып, ауруханадан шығарылды.

Жаңалықтар
0