13:54 17 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD342.49
  • EUR400.85
  • RUB5.51
ШҚО-да жөндеу кезінде көпір тік тұрды

ШҚО-да жөндеу кезінде көпір "тік тұрды": зардап шеккендер бар

© Foto : ДЧС ВКО
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
21 0 0

Көпірдің бір бөлігі шайқалып, тігінен тұрғанда, алты адам өзенге құлап кете жаздады.

АСТАНА, 24 қар — Sputnik.  Өскеменде құтқарушылар  "көтеріліп кеткен" көпірден адамдарды түсіріп алды деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Ертіс көпірін жөндеу кезінде тақта шайқалып кетіп, тіректердің біріне тік қалпында тұра қалған. Нәтижесінде төрт жұмысшы төмен қарай сырғанап, екеуі жоғарыда қалып қойыпты. Бір адам аяғын жарақаттап алды.

  • Өскемен қаласында көтеріліп кеткен көпір тақтасында отырған жұмысшылар
    Өскемен қаласында көтеріліп кеткен көпір тақтасында отырған жұмысшылар
    © Foto : ШҚО ТЖД
  • Көпір
    Көпір
    © Foto : ШҚО ТЖД
  • Көпір
    Көпір
    © Foto : ШҚО ТЖД
1 / 3
© Foto : ШҚО ТЖД
Өскемен қаласында көтеріліп кеткен көпір тақтасында отырған жұмысшылар

"ТЖ бір жарым сағаттай бұрын болды. Куәгерлер хабарласқан болса керек. Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде, екі жұмысшының шайқалып тік қалпында тұрып қалған көпір тақтасының басында отырғанын көрген, ал төрт адам төмен қарай сырғанап, жерге түскен. Тақтаның құрлыққа қарай қисайғандығы жақсы болыпты, әйтпесе жұмысшылар өзенге құлап кетер еді", — деп хабарлады ШҚО ТЖД Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Құтқарушылар арқанның көмегімен екі ер адамды жерге түсіріп алды. Алты жұмысшыны да "Апаттық медицина орталығының" дәргерлері қарады. 

Басты тақырыптар