Оқиға

"Торпедо" жас хоккеисттері Ақмола облысы трассасында құтқарылды

© Photo : ДЧС Восточно-Казахстанской областиАвтобус
Автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өскемен қаласының хоккей командасы Рудныйға бет алған екен. Жолда автобус бұзылып қалған, көлікте 27 спортшы болған.

АСТАНА, 25 қар — Sputnik. Ақмола облысындағы трассада "Торпедо" хоккей командасының автобусы бұзылып, тұрып қалды деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жақсын ауданының жедел қызмет бөліміне 24 қараша күні апат туралы дабыл келіп түсті. "Торпедо" хоккей командасы мінген автобус Өскемен қаласынан Қостанай облысындағы Рудныйға бет алған, бірақ жол-жөнекей бұзылып, республикалық трассада қалып қойған.

"Автобуста 27 спортшы болды, олардың 17-сі кәмелеттік жасқа толмағандар, бәрін жылыту пункттеріне жайғастырып, тамақтандырдық. Автобус жүргізушісіне қосалқы бөліктерді жөндеуге көмек берілді. Кешке қарай олар Рудныйға қарай аттанып кетті", — деді Жақсын ауданы ТЖБ агенттікке.

Жаңалықтар
0