03:45 21 Ақпан 2018
Тікелей эфир
жер сілкінісі

Алматы, Тараз және Шымкент тұрғындары жер асты дүмпулерін сезді

© Sputnik / Игорь Носов
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
29 0 0

Жер сілкінісінің кіндігі Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай 489 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында болған.

АСТАНА, 25 қар – Sputnik. Қырғызстан мен Қытай шекарасында 6,7 магнитудалық жер сілкінісі болды, жер асты дүмпулерін Алматы, Тараз және Шымкент тұрғындары сезді, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. 

Оның мәліметтеріне сәйкес, 25 қараша күні саға 20:24-те кіндігі Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай 489 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан жер сілкінісі тіркелді.

"МSК-64 шкаласы бойынша сезілу туралы мәліметтер: Алматыда 2-3 балл, Таразда —3 балл, Шымкентте – 2-3 балл", — деп ақпараттандырды Иманқұлов. 

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәліметтер түскен жоқ, деп түйді ол. 


Басты тақырыптар