Оқиға

Ақтөбедегі терактіге қатысы жоқ ер адам ІІД-мен соттасты

© Photo : Daniel Boneсот
сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбедегі терактіден кейін полицияның бағыттамасына түсіп қалған заңға бағынатын азамат сот арқылы өтем ақы өндіріп алды.

АСТАНА, 25 қар – Sputnik. Ақтөбедегі терактіден кейін бағыттамаға түсіп қалған Ақтөбе облысының тұрғыны полицияны сотқа берді, деп хабарлады өңірлік соттың баспасөз қызметі. 

Ақтөбе қаласында 2016 жылы 5 маусымда террористік актілер деп танылған оқиғадан кейін Қостанай облысының ІІД-нің қызметкері ғаламтордың әлеуметтік желісінде "What`s App"  мобильдік қосымшасы арқылы террористік актіге қатысы болуы мүмкін 19 адамға қатысты фото суреттер мен ақпараттардан құралған бағдарды, соның ішінде Самат Минажатович Кожаниязов туралы ақпарат мен фотосуреттері бар қызметтік ақпаратты таратты. 

Ғаламтордың әлеуметтік желілерінде Қостанай облысы ІІД-нің қызметкерімен рұқсатсыз орналастырылған террористік актіге қатысы болуы мүмкін тұлғалар туралы берілген бағдар тиісті уәкілетті органның келісімінсіз жасалған және халық арасында кеңінен қоғамдық резонанс тудырып,  талапкерге және басқа да бағдарда көрсетілген тұлғаларға қатысты жағымсыз көзқарас  әкелді. 

Қостанай облысының ІІД қызметкерінің талап қоюшыны террористік актілерге қатысы бар туралы ақпаратты таратқандығы Департамент басшысымен бекітілген қызметтік тексеріс қорытындысымен және сотқа дейінгі зерттеу материалдарымен расталды. 

Сотта талап қоюшының террористік акті деп танылған оқиғаға қатысы жоқ екендігі, жұмыс жасап ауылдық жерде тұратыны, отбасылы, құқық бұзушылық жасауға бейім емес азамат ретінде жағымды жағынан сипатталатыны анықталды. 

2016 жылғы 25 қарашадағы сот шешімі бойынша талап қою  арызы ішінара қанағаттандырылып, Қостанай облысының ІІД-нен Самат Минажатович Кожаниязовтың пайдасына 100 000 теңге көлемінде моральдық зиянның өтемі және сот шығындары өндірілді. Талаптың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылды. 

Осылайша, сот талап қоюшының абыройын қалпына келтіріп, жауапкерден моральдық зиянның өтемін өндірді. 

Азаматтық процестік кодекстің 72-бабына сәйкес, арнайы операция кезінде қаза болғандар мен жарақаттанған қылмыскерлердің тізімінде саналған  екінші талапкер Санат Минажатович Кожаниязовқа қатысты ғаламтор ресурстарында жарияланған ақпарат туралы талап қою арызында жауапкердің ақпаратты тарату фактісі дәлелін тапқан жоқ.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. 


Жаңалықтар
0