Оқиға

Астанада жоғалған спортшы қыз Қарағанды облысында табылды

© Sputnik / Медиабанкке өтуПолиция
Полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
16 жасар спортшы қыз елордадан өз еркімен кеткен

АСТАНА, 3 жел — Sputnik. Елордалық полицейлер, 2 желтоқсанда жоғалып кеткен Малика Досымжанованың қайда екенін анықтады, деп хабарлады Астана ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Полицейлер оның достары мен таныстарын белгілеу барысында құрбыларымен Қарағанды облысына қонаққа кеткенін анықтады. "Жоғалған уақытта оған қарсы ешқандай заңға қайшы әрекеттер орын алмаған. Ол Астана қалалық ІІД аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда кәмелетке толмаған қыз заң өкілдерінің қатысуымен түсінік беруде. Ювеналды полиция инспекторлары өз еркімен кетуіне жол бермеу туралы профлактикалық әңгімелесу өткізді", — деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Астана ІІД қыздың қайда екенін анықтау үшін департаменттің жеке құрамы жұмылдырылған. Іздестіру ісі қозғалды. 

ІІД-нің ақпаратына сәйкес, 28 қарашада Астана тұрғыны полицияға келіп, 27 қарашада 09.00-де оның кімелет жасына толмаған қызының дзюдодан өткен жарыста Арқалықтан Астанаға пойызбен келіп, үйге оралмағанын айтып, арыз жазған. 


Жаңалықтар
0