Оқиға

Павлодарда ардагердің үйін тартып алған алаяқтарға үкім шығарылды

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Павлодарда соғыс ардагерін алдап, пәтерін тартып алған алаяқтар сотталды.

АСТАНА, 5 жел – Sputnik. Павлодар қаласы №2 сотында соғыс ардагері Федор Кулагинге қатысты пәтер алаяқтығын жасағаны үшін айыпталған Руслан Дзангиев пен Наталья Омароваға үкім шығарылды деп хабарлады сот баспасөз хатшысы Гүлсім Ақтаева Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің медалдері - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда ТМД елдерінің ҰОС ардагерлері жеңілдіктер ала алады

Өткен жұмада кезекті сот отырысында прокурор 53 жастағы Руслан Дзангиевті тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды, ал оның сыбайласы 47 жастағы Наталья Омарованы алты жыл алты айға бас бостандығынан айыруды сұрады.  

Бүгін 5 желтоқсанда сот үкім шығарды: Руслан Дзангиев алты жыл алты айға жалпы тәртіпті колонияға қамалды, ал Наталья Омарова  бес жыл алты айға жалпы тәртіпті колонияға қамалу жазасына кесілді. Сотталушылардың мүлкі тәркіленіп, сонымен қатар Дзангиев жәбірленушілерге 5 миллион теңгеден астам өтемақы төлеуге міндеттелді.

Жаңалықтар
0