04:27 21 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.70
  • EUR427.15
  • RUB6.06
Ақша

Алматы тұрғынына бірнеше мәрте алаяқтық жасады деген күдік тағылды

© Sputnik /
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
35 0 0

Тергеу мәліметі бойынша, өзін күзет компаниясының қызметкерімін деп таныстырған ер адам бірнеше фирма өкілдерін алдап соққан.

АСТАНА, 6 жел — Sputnik.  Полицейлер 36 жастағы ер адамды бірнеше мәрте алаяқтық жасады деп пайымдап отыр, сот алды тергеу жұмыстарының деректеріне сүйенсек, ол бірнеше фирманың өкілдерін алдап соққан деп хабарлайды Алматы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Бірнеше мәрте алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған ер адам
© Photo : Алматы ІІД баспасөз қызметі
Бірнеше мәрте алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған ер адам

"Ол күзет фирмасының қызметкері болып компанияларға барыпты, сол жерде нысанның қауіпсіздігін сақтау жөнінде қызмет көрсету бойынша келісімшарт жасасып, алдын ала  төлемақы алып, тайып тұрған. Қазіргі уақытта біздің өндіріске азамат Богачевтің заңға қайшы әрекет жасағаны туралы алты шағым түсті. Қазір оның бұған ұқсас басқа да алаяқтықтарға қатысы барын тексеріп жатырмыз", — дейді Бостандық ауданы ІІБ басшысы, полиция подполковнигі Берік Әділбеков.

Бұл адамды таныған болсаңыздар, келесі нөмірлерге хабарласуыңызды сұраймыз: 254-47-00 және 254-47-01. 

Тақырып бойынша

Алматыда "емші" алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Загрузка...

Басты тақырып