Оқиға

ОҚО-да оқушы қыз көкөніс консервілерін жеймін деп комаға түсіп қалған

Жазылу
Оңтүстік Қазақстан облысындағы 11-сынып оқушысы үй консервілерін жегеннен соң комаға түсіп қалған. Қыз әлі күнге дейін есін жиған жоқ, дәрігерлердің айтуына қарағанда, ол ботулизм дертін жұқтырған.

АСТАНА, 8 жел – Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында тұздалған көкөністер жеп ботулизм жұқтырған қыздың комада жатқанына бір ай болды деп хабарлайды жергілікті басылым Otyrar.kz. 

БАҚ мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан облысында өткен ай ішінде 12 адам ботулизм диагнозымен ауруханаға жатқан.

"Төртеуі әлі күнге дейін ауруханада ем қабылдап жатыр. Олардың бірі 11-сынып оқушысының комада жатқанына бір ай болды. Зардап шеккендердің барлығы тұздалған көкөністер жеген", — деп жазады басылым.

Ботулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аурудың ауыр түрі, салдарынан жүйке жүйесіне зақым келеді. Ботулизм ауруы – бұл тамақтан уланудың ауыр түрі, уақытында дәрігерге көрінбесе өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Көбіне үй жағдайында дайындалған қолдан жапқан консервілерді пайдаланғаннан болады. 

Жаңалықтар
0