02:13 19 Тамыз 2017
Тікелей эфир
Әуе жайдағы жолаушы

Киев-Алматы ұшағы Самарада қонуға мәжбүр болы

© Sputnik / Максим Блинов
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
7 0 0

Киевтен Алматыға қарай бет алған ұшақ бортта шыққан жанжалға байланысты Самарада қонуға рұқсат сұрады.

АСТАНА, 8 дек — Sputnik. Киевтен Алматыға қарай бет алған ұшақ бортта шыққан жанжалға байланысты Самарада қонуға мәжбүр болды, деп хабарлады бейсенбіде РИА Новостиге Куйбышев көлік прокурорының орынбасары Дарья Калиничева. 

"Бүгін "Киев-Алматы" бағыты бойынша бет алған Airbus А-319 ұшағының жоспарланбаған қонуы орын алды. Бортта шамамен 50 жолаушы болған. Ұшақты жергілікті уақытпен сағат 2.09-да (Астана уақытымен сағат 4.09) қондыруға тура келді", — деді Калиничева. 

Ұшақ Самарадан Астана уақытымен сағат 7.45-те ұшты. Көлік прокуратурасының мәліметтеріне сәйкес, ұшақта жанжал шығарғаны үшін 33 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды. Ол мас күйінде әйеліне қол жұмсаған. Ұшақ қонғаннан кейін, ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Өзбекстан азаматына қатысты екі хаттама толтырылды – қоғамдық орында мас болу және бұзақылық үшін.  


Басты тақырыптар