15:00 22 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.05
  • EUR428.25
  • RUB5.84
Қамауға алу

Ақтөбедегі мұнай ұрлау ісі бойынша күдіктілер екі айға қамауға алынды

© Sputnik / Евгений Биятов
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
36 0 0

Мұнай ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық тоқтың тоғыз қатысушысы екі айға қамауға алынды.

АСТАНА, 12 жел — Sputnik. Ақтөбеде мұнай ұрлау күдігі бойынша арнайы операция барысында ұсталғандар екі айға қамауға алынды, деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.  

Баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, Ақтөбе қалалық №2 сотына мұнай және мұнай өнiмдерiн ұрлау және заңсыз айналымымен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық тоқтың қызметін алдын алуға бағыталған арнайы операция кезінде ұсталған тоғыз адамға қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініш келіп түскен. 

Сотқа дейінгі тергеу органдары бұл тұлғаларға ҚР Қылмыстық кодексінің 197-бабының 4-бөлігі 1,2-тармақтары ("Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу") және 262-бабының 2-бөлігі ("Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу") бойынша күдік келіп отыр, делінген хабарламада. 

Сот қаулысымен Б.К.Батыров, Н.С.Қазкенов, С.Б.Дусупов, Е.У.Еркетаев, А.А.Амитов, Ж.М.Ілиясов, А.М.Қалиев, А.Ж.Сәрсенов және Еркін Ізбасарға қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. Бұдан бұрын алдағы уақытта сот прокуратураның қалған ұсталғандарға қатысы қамауға алу бұлтартпау шарасын қабылдау туралы өтінішін қарайды деп хабарланған. Жалпы 15 адам ұсталған. 

Сәрсенбі, 7 желтоқсан күні, мұнай өндіру зауыты аймағында арнайы операцияның өткізілгендігі белгілі болды. 

Арнайы қызметтің хабарламасына сәйкес, операцияны ҚР ІІМ арнайы қызмет жасағының қолдауымен ұлттық қауіпсіздік комитеті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері  бірлесе отырып жүргізген. 


Загрузка...

Басты тақырып