Оқиға

Полиция Ақмола облысындағы ірі жол апаты туралы ақпаратты жоққа шығарды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоЖол апаты
Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғаламторда Ақмола облысындағы тас жолда орын алды деген тәрізді бірнеше көліктің қатысуымен ірі апаттың бейнеролигі пайда болды.

АСТАНА, 14 жел — Sputnik. Полиция қызметі әлеуметтік желілерде пайда болған  Щучинск-Көкшетау тас жолындағы апат туралы ақпаратты жоққа шығарады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне ішкі істер департментінің баспасөз қызметінде. 

Әлеуметтік желілерде сейсенбіде Щучинск-Көкшетау тас жолында бірнеше көліктің оның ішінде "Газель"көлігінің де қатысуымен болған апатты көзімен көрушінің тәрізді бейнеролигі пайда болды. 


Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақмола облысында көктайғақ жолда жойқын жол апаты болды
"Бұл өткен күндері Щучинск-Көкшетау тас жолында "Газель" автокөлігінің қатысуымен жол апаты тіркелген жоқ. Қазір бұл бейненің қайдан шыққаны жөнінде тексеру жүргізелетін болады", — деді Sputnik тілшісіне ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гулнар Пинчук. 

Ведомство өкілі пайдаланушыларды мұқият болып, күмәнді хабарламаларды таратпай, ресми деректерді пайдалануға шақырды. 


Жаңалықтар
0