АСТАНА, 23 жел – Sputnik. Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы автокөліктер үшін қозғалыс тоқтатылды, деп хабарланады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің сайтында.
23 желтоқсан сағат 01.30-да Жамбыл облысында ауа-райының қолайсыздығы салдарынан (бұрқасын, көру мүмкіндігі шектеулі) 543-593 шақырымдық "Алматы-Ташкент" тас жолында, яғни Күйік асуынан ОҚО шекарасына дейінгі аралықта барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды.
Оңтүстік Қазақстан облысында 23 желтоқсанда ауа-райының қолайсыздығы салдарынан 593-611 шақырымдық "Алматы-Ташкент" тас жолында, яғни Жамбыл облысы шекарасынан Ақбиік ауылына дейінгі аралықта барлық автокөлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды.