Оқиға

Шахтинскідегі үйдің құлауының алдын ала себебі аталды

© Photo : Комитет по ЧС МВД РКШахтинскіде бес қабатты үйдің құлауы
Шахтинскіде бес қабатты үйдің құлауы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шахтинскіде қайғылы жағдайдың себебі жылыту жүйесі болуы мүмкін

АСТАНА, 2 қаң – Sputnik. Алдын ала болжам бойынша Шахтинск қаласы Шахан ауылындағы бес қабатты үйдің құлау себебі үйдің жер төлесінде орналасқан жылыту қазандығының жарылуы болуы мүмкін.

"Алдын ала ақпарат бойынша, қираудың себебі жылыту қазандығының жарылысы болуы  мүмкін. Ол үйдің жертөлесінде орналасқан", — деп хабарлады Sputnik Қазақстанға "қызу желі" операторы. 

Шахандағы көп қабатты үйдің құлауынан бір адам аман қалып, тоғызы қаза таты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шахандағы көп қабатты үйдің құлауынан бір адам аман қалып, тоғызы қаза тапты

Бірінші қаңтар күні сағат 22.40-та Қарағанды облысы ТЖД құтқару бөлімшелеріне Қарағанды облысы Шахтиниск қаласы Шахан ауылында көпқабатты үйдің бөлігі қирады деген хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына тез арада төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен құралдары жіберілді. Үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Қарағанды облысы Шахан ауылында қирау жөніндегі жедел штабта "қызу желі" телефоны іске қосылды – 8/72156/3-24-17. 10

Жалпы үйіндінің астынан қазіргі уақытта он адам шығарылды: олардың тоғызы қаза тапқан: үш ер адам, үш әйел кісі, үш бала. Екі бүлдіршін 2016 жылы туылған, біреуі – 2010 жылы. 

Жаңалықтар
0