Оқиға

Абаев Шахтинскідегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

© Photo : пресс-служба акима Карагандинской областиТөтенше жағдай
Төтенше жағдай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің басшысы Шахтинск маңындағы кенттегі бес қабатты үйдің бөлігінің опырылуынан қаза болғандардың жақындары мен зардап шеккендерге көңіл айтты.

АСТАНА, 2 қаң – Sputnik. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қарағанды облысы Шахтинск маңындағы Шахан кентіндегі бес қабатты үйдің бөлігінің опырылуынан қаза болғандардың жақындары мен зардап шеккендерге көңіл айтты. 

"Жылдың басында орын алған Шахтинскідегі қайғылы оқиға барша қазақстандықтарды қапаландырды. Бәріміз көз жұмған отандастарымыздың қазасына ортақтасып, орны толмас қазаға қайғырып отырмыз. Қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, барлық зардап шеккендердің тездетіп сауығып кетулеріне тілектеспін",- деп жазады Абаев өзінің Facebook желідегі парақшасында. 

Нұрмұхамбет Әбдібеков оқиға орнында - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Өңір билігі Шаханда зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетуге уәде етті

Төтенше жағдай 2017 жылдың алғашқы күні сағат 22.40-та орын алды: Шахан кентіндегі 60 пәтерлі тұрғын үйдің подъездерінің біріндегі жертөледе бу қазандығы жарылды. Подъезд қирады. Жалпы 15 пәтер зардап шекті. Үйдің аман қалған бөлігінің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп, үйіндіні тазалауға кірісті. Соңғы деректерге сәйкес, тоғыз адам қаза тапқан:  үш ер адам, үш әйел кісі, үш бала. Екі бүлдіршін 2016 жылы туылған, біреуі – 2010 жылғы сәби.

Қалалық әкімдіктің деректеріне сәйкес, апат кезінде үйде 118 тұрғын болған. Жарылыс салдарынан зарда шеккен зардап шеккен төртінші подъезде 30-ға жуық адам болған. 


Жаңалықтар
0