Оқиға

Астана-Қарағанды тас жолында жүздеген көлік жиналып қалды

© Пользователь Instagram vladbek Астана-Қарағанды жолындағы көлік ағыны
Астана-Қарағанды жолындағы көлік ағыны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желінің пайдаланушысы Қарағанды-Астана тас жолындағы көліктік коллапс туралы хабарлайды.

АСТАНА, 2 қаң – Sputnik. Әлеуметтік желінің пайдаланушысы Қарағанды-Астана тас жолындағы көліктік коллапс туралы хабарлайды.

"Жүздеген автокөлікті полицейлер Теміртаудан әрі жібермей жатыр. Жолды қар басты, деп түсіндіруде. Сағат күндізгі үшті көрсетеді. Қар жауып тұрған жоқ. Қызметтер таңертеңнен бері немен айналысқан??? Кең жол салғанымен, мәселелер бұрынғысынша қалған. Трассаның жабылуы туралы хабарламаның келіп түспегенін атап өткен жөн. Күтіп тұрмыз. Бұрылуға мүмкіндік жоқ. Барлық жолақтар бос емес. Қарсы беттегі де. Күн батып келеді", — деп жазады Instagram пайдаланушысы vladbek. 

Қалыптасқан жағдайға қатысты ресми пікір алуға мүмкіндік болған жоқ.

Жаңалықтар
0