Оқиға

"Шымбұлақ" құлап кеткен кабинка туралы ақпаратты теріске шығарды

© Sputnik / Сергей Ким"Шымбұлақ"
Шымбұлақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Гондола жолы қысқа уақыт тоқтағандықтан, арқан әдеттегі нормада салбырап қалған

АСТАНА, 4 қаң – Sputnik. "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының өкілдері гондола жолындағы кабинканың құлап кетуі туралы ақпаратты жоққа шығарады. Бұл туралы курорттың ресми хабарламасында айтылған. Оны Алматы әкімінің баспасөз қызметі таратты. Бұдан бұрын құлап кеткен кабинка туралы бейнежазба жарияланған болатын.

"Сейсенбі, үшінші қаңтар 2017 жылы, "Время" газетінің ғаламтордағы порталында оқырмандардың бірінен алынған бейнежазба жарияланып, тақырыбына "Шымбұлақтағы кабинкалардың бірі құлап кетті" деп жазылды. Бұл мәлімет жалған және оған ешқандай негіз жоқ", — делінген хабарламада. 

 

 

Хабарламада көрсетілгендей, бейнежазбада бүкіл кабинкалардың арқанға байлаулы екені анық көрініп тұр. Курортқа келген қонақтар кабинка есігінің жабылуына кедергі келтіргендіктен, гондола жолы сәл тоқтап қалған. Соның салдарынан физика заңдарына байланысты арқан әдеттегі нормада біраз салбырап қалады. Сонымен бірге, кабинканың құлап жатқандай көрінуіне бейнежазбаның 90 градусқа бұрылып түсірілгендігі себеп болған. Бұл жайттан ешкім зардап шеккен жоқ. 

Жаңалықтар
0