Оқиға

"Тік тұрған" көпір: болған оқиғаның себептері анықталды

© Photo : ДЧС ВКОШҚО-да "тік тұрған" көпір
ШҚО-да тік тұрған көпір - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тексеру барысында анықталғандай, ескі тіректің кесірінен көпір тік көтеріліп кеткен

АСТАНА, 4 қаң – Sputnik. Өскемен қалсындағы Ертіс көпірінің опырылуына тіректің әбден ескіргендігі себеп болған деп хабарланды Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтында.

Қарашаның соңында Ертіс көпіріндегі жөндеу жұмыстары кезінде көпірдің тақтасы көтеріліп, тіректердің біріне тік тұра қалды. Соның салдарынан, жұмысшылардың төртеуі төмен сырғып, екеуі көпірдің басында қалып қойды. "Рязанов атындағы №25 көпір құрылысының отряды" ЖШС-нің бір қызметкері жарақат алды. Құтқарушылар арқанның көмегімен екі ер адамды түсірді. 

Оқиға ҚР ҚК-нің 277 бабы бойынша Өскемен қаласының Ертіс полиция бөлімінде сотқа дейінгі тексеріп-тергеудің бірыңғай тізілімдемесінде тіркелген ("Тау және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу").

"Техникалық сараптама ескі көпірдің тірегінің тозуы себебінен опырылғанын анықтады. Құрылғы 50 жылдан бері пайдаланылған. Бетондағы ұсақ сызаттар арқылы су кіріп, анкерлік арматурасында жегі пайда болған", — делінген хабарламада.

Сөйтіп, "Рязанов атындағы №25 көпір құрылысының отряды" ЖШС-нің қызметкерлері көпірді дұрыс бөлшектемеу нәтижесінде инженерлік құрылғының тірегі опырылды деуге болмайды деп атап өтті ведомство.

Өскемен қаласында көтеріліп кеткен көпір тақтасында отырған жұмысшылар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ШҚО-да "тік тұрған" көпір: ТЖ нашар тіректің кесірінен болуы мүмкін

Осымен қатар, прокуратура мердігерлік ұйымның қызметкерімен болған оқиғада жұмыс берушінің кінәсін толық дәлелдеген.  Сондай-ақ, "Рязанов атындағы №25 көпір құрылысының отряды" ЖШС-нің басшылығы тарапынан қолданыстағы еңбек заңнамасының бірқатар бұзушылықтарын да анықтаған. Атап айтқанда, ұйым мамандарының көпірді бөлшектеу кезінде жоғары қауіптілік деңгейінде жұмыстарды жүзеге асыруға рұсқат-жасағы болмаған. Сондай-ақ, кәсіпорынның қызметкерлері құрылыс және СНиП нормаларын бұзып, көпірді бөлшектеуін қорғаныс белдіктері мен сақтандыру арқанынсыз жүзеге асырған. Қызметкерлердің арнайы аяқ-киімдері мен жұмыс киімдері болмаған, мерзімді тексеруден өтпеген электраспаптарын қолданған.

"Тексеру барысында анықталғандай, кәсіпорында еңбек заңнамасының талаптары бұзылып, экскаватор машинистінің, электргаздәнекерлушінің  еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтары болмаған, ал қолданыстағы нұсқаулықтар қолданыстағы ережелерге сәйкес болмаған", — дейді прокуратура.

Кәсіпорын әкімшілігі еңбек жағдайлары бойынша өндірістік нысандардың аттестациясын  және жұмысшылардың арнайы ұйымдарында мамандықтар бойынша біліктілігін талдап, оқыту жүргізбеген.

Тексеру нәтижелері бойынша облыс прокуратурасы уәкілетті органның атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыным енгізді.

Жаңалықтар
0