Оқиға

Алматыға жақын жерде магнитудасы 4,3 жер сілкінісі болды

© AP Photo / Irwin FedriansyahСейсмограф
Сейсмограф - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 266 километр жерде орналасқан

АСТАНА, 5 қаң – Sputnik. Жер сілкінісі бесінші қаңтар күні сағат 7:32-де тіркелді деп хабарлайды Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция сайты.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматыдан шығысқа қарай 266 шақырым жерде орналасқан. Энергетикалық класы – 9.9, магнитудасы – 4.3.

Эпицентр 20 километр тереңдікте болған, сезілуі туралы ақпарат жоқ.  

Жаңалықтар
0