Оқиға

Минскідегі Қазақстан елшілігінің қызметкеріне қаражат қымқырды деген күдік келтірілді

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуТергеу изоляторы
Тергеу изоляторы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Минскідегі Қазақстан дипломатиялық ведомствосының қызметкері ұсталып, Астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамалды

АСТАНА, 5 қаң – Sputnik. Белоруссиядағы Қазақстан елшілігінің аға бухгалтері 700 мың доллар қымқырды деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюросы.

"Сейдуәлиев А. 2012 және 2015 жылдар аралығында Елшілік ғимараты құрылысының бас мердігері "Активбизнесплюс" ЖШҚ-на ақы төленгені туралы жалған кассалық ордерлер жасаған. Осылайша, күдікті 207 мың доллар көлемінде ақшалай қаражат қымқырды", — делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, тергеу жұмыстары бойынша, күдікті Беларусь Республикасы салық органдары қайтарған ҚҚС ретінде елшілікке түскен 475 мың доллар қаражатты жымқырған.

Жымқырылған қаражаттың жалпы сомасы 681883 долларды құрайды.

Қазіргі уақытта Сейдуәлиев Астана ішкі істер департаментінің уақытша ұстау изоляторында қамауда.   

Жаңалықтар
0