Оқиға

Шымкенте үш ұрлықшы әйел ұсталды

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуҚамауға алу
Қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйелдер өзара рөлдерді бөлісіп алған: біреуі жәбірленушінің көңілін аударып тұрғанда, қалғандары сөмкесінен бағалы заттарды ұрлаған

АСТАНА, 6 қаң – Sputnik. Шымкентте жұрттың қалтасына түскен деген күдікпен үш әйел ұсталды деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктілерді ұстауға жергілікті тұрғынның арызы себеп болды. Базарда әйелдің сөмкесіне ұры түсіп, 120 мың теңгесін алып кетіпті. Бақылау камераларының көмегімен полицейлер 1971, 1985 және 1991 жылы туылған жұмыссыз үш әйелді ұстады.

© Photo : ОҚО ІІД Шымкентте ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған әйелдер
Шымкентте ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған әйелдер - Sputnik Қазақстан
Шымкентте ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған әйелдер

Тергеу нәтижесі бойынша, ұсталғандар жалпы сомасы 200 мың теңгені құрайтын үш ұрлық жасағаны үшін айыпталып отыр. 

ҚР ҚК 188 бабы "Ұрлық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде.  

Жаңалықтар
0