13:55 17 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD342.49
  • EUR400.85
  • RUB5.51
Қаңғыған ит

Атырау облысында қаңғыған иттер баланы талады

© Sputnik / Константин Чалабов
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
51 0 0

Атырау облысының ішкі істер департаментінде WhatsApp арқылы баланың қаза тапқаны туралы тараған хабарламаға түсінік берді

АСТАНА, 8 қаң – Sputnik. Бір күн бұрын Атырау қаласының тұрғындары балалар ауруханасында көз жұмған жеті жасар бала туралы хабарлама ала бастады.  

Атырау облыстық ішкі ісер департаментінде бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады "Ақ Жайық" басылымы. 

Кеше кешкісін Атырау тұрғындарына түрлі дене жарақатымен облыстық балалар ауруханасына түскен баланың есін жимастан көз жұмғаны туралы ақпарат таралды. Аудиохабарламада балаға қатысты сұмдық қылмыс жасалғаны туралы айтылады. Баланың ата-анасы бұл хабарламаға ренішті.

"Баланы қаңғыбас иттер талап тастаған. Куәгер бар. Бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы тұрақты", — дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.


Басты тақырыптар