12:09 21 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD346.68
  • EUR404.02
  • RUB5.47
Жедел жәрдем

Алматы облысында терезеден құлаған бүлдіршін көз жұмды

© Sputnik / Павел Лисицын
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
71 0 0

Полиция қызметкерлері мән-жайды анықтауда

АСТАНА, 8 қаң – Sputnik. Алматы облысында көп қабатты үйдің терезесінен құлаған бүлдіршін көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Әлеуметтік желіде көзбен көрушінің сөзінен келтірілген қайғылы оқиға туралы Қарасай ауданында орналасқан "Асыл Арман" ТК тұрғынының ақпараты жарияланған. 

"Менің көз алдымда біздің үйдің жетінші қабатынан бүлдіршін құлап кетті, мен жанынан өтіп бара жатқан кезде ол алдыма құлады. Асфальтке. Не істерімді білмедім. Мен айқалап, жедел жәрдем шақыра бастадым. Жасанды дем жасауға болады ма жоқ па білмедім. Мұрнынан қан ақты. Көзін ашып кішкене қимылдады да, бітті. Мен есірігім ұстап, 7-ші қабатқа көтеріліп, кімнің баласы бар деп есікті қағып, айқайладым. Есікті анасы ашып, кішкентай бала бар, ас үйде ойнап жатыр деді. Ол ас бөлмеге барса, терезе ашық, бала жоқ. Ол өзін ұстай алмай айқайлай бастады, оның қолы дірілдеп тұрды, шыңғырды. Бірге төменге түстік. Оны ұстап түстік. Жедел жәрдем келді, баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Мен жылап отырмын. Мен оның жаны шығып бара жатқан сәттегі түрін көрдім. Мен дірілдеп отырмын…", — деп келтіреді көзбен көрушінің сөзін. 

Алматы облысының полициясында деректі растап, қайғылы оқиғаның 7 қаңтар күні кеше Қарсай ауданының Іргелі ауданында орын алғаны туралы ақпараттандырды. 

"Екі жасар бүлдіршіннің қаза болу дерегі жазатайым оқиға ретінде тіркелді. Дерек бойынша мән-жайлар жергілікті аудандық полиция қызметкерлерімен тексерілуде", — деп хабарлады өңірлік ІІД баспасөз қызметінде. 


Басты тақырыптар