Оқиға

Шымкентте үйдің құлауынан әйел кісі қаза тапты

© Photo : ДЧС ЮКОШымкентте үйдің қирауы
Шымкентте үйдің қирауы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдын ала болжам бойынша үйдің құлауы газ ауа қоспасының жарылуы себебінен орын алды

АСТАНА, 8 қаң – Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖ Департаментіне 8 қаңтарда түнгі сағат 03:55-те Шымкентте жарылыс болып, салдарынан екі қабатты үй опырылды деген хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Otyrar.kz

Алдын ала болжам бойынша газ ауаның қоспасы жарылған. Қираған үйдің аумағы 64 шаршы метрді құрайды. 

Шахтинскіде апатқа ұшыраған тұрғын үй - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шахандағы апатқа ұшыраған үйге модулдік қазандық орнатылды

Оқиға орнына құтқарушылар бөлімшесі жеке құрамының 11 адамы және екі арнайы техника келіп жетті. Апаттық-құтқару шаралары барысында төрт адам үйінділер арасынан шығарылған. Олардың арасында бір жасар қыз бала болды. Құтқарушылар үйіндінің астынан баланың әкесін алып шықты. Сол жерден нәрестенің анасы өлі күйінде табылды. Кейіннен тағы екі адамды құтқарып қалу мүмкін болды. Осылайша, үш адам ауруханаға жатқызылған.  

Апаттық-құтқару шараларына Төтенше жағдайлар департаментінің, өрт сөндіру қызметі мен апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің  қызметкерлері, Апатты медициналық орталығының және жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері тартылды. 


Жаңалықтар
0