16:04 26 Ақпан 2017
Тікелей эфир
сіріңке

Шымкенттегі үйдің құлауы: жарылыс жылыту аспаптарынан болған

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
40 0 0

Газ және жылыту аспаптары бұзушылықтармен орнатылған

АСТАНА, 9 қаң — Sputnik. Шымкентте жеке тұрғын үйде болған жарылыстың себебі бұзушылықтармен орнатылған газ және жылыту аспаптары болған, деп хабарлайды Otyrar.kz "ҚазТрансГазАймақ" АҚ ОҚОФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оқиға орнына жеткен мамандар барақ тәрізді екі қабатты үйдің толық бұзылғанын анықтаған. Үй иесінің сөзіне қарағанда, бұл үйде баспананы жалға алған екі отбасы тұрған. Тұрғын үйді жылыту қазандығы пәтерді жалға берушінің үйіне орнатылған. Сол жерден пәтерді жалға алушыларға көгілдір отын оттегі шлангысы арқылы тартылып, одан әрі газ плитасы мен газбен жылытылатын алауошақ жалғанған. Сол жерде теxникалық ақаулар орын алған. Нақтысы, көгілдір отын жеткізілген шланга газбен жылытылатын алауошаққа дұрыс бекітілмеген. Салдарынан газ-ауа қоспасының жарылысы болған. 

Жарылыс пен үйдің құлау салдарынан бес адам зардап шекті. Оқыс оқиғадан 1988 жылы туған Сабина Орынбаева қаза болды. Тағы төрт адам зардап шекті: 1996 жылы туған Қарлығаш Аxанова 2 дәрежелі күйік жарақатын, 1957 жылы туған Әсия Орынбаева дене жарақатын, 1985 жылы туған Дәурен Жұмалиев дене жарақатын, 2015 жылы туған Аружан Дауылбай дене жарақатын алды. Қаза тапқан Сабина Орынбаева – қыздың анасы.