00:32 29 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Хакер, программист

Алматыда хакерлер Нұрбанк шоттарын бұзып, 155 млн теңге ұрлағаны үшін сотталды

CC0 / Tookapic /
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
12 0 0

Алматы хакерлері Нұрбанк шоттарын бұзып, 155 миллион теңге ұрлағаны үшін 6 жыл 8 айға колонияға қамалды

АСТАНА, 10 қаң — Sputnik. Алматылық Митин мен Құсайынов алты жылдан астам уақыт жалпы тәртіпті колонияда жазасын өтейді. Олар Нұрбанктегі шоттарды бұзып, 155 миллион теңге ұрлағандары үшін сотталды деп хабарлады Алматы қаласы №2 Жетісу аудандық сотының баспасөз қызметі.

"Сот үкімімен Митин мен Құсайынов ҚР ҚК 188 бабы, 4 бөлігі, 3 пунктінде қарастырылған қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылды, осы бап бойынша 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, жазаны жалпы тәртіпті түзету колониясында өтейтін болады", — делінген хабарламада.

Бас сот талқылауы кезінде сотталушылар кінәсін мойындамады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Басты тақырыптар