Оқиға

Павлодардағы атысқа көлік тұрағына байланысты қақтығыс себеп болған

© Sputnik / Табылды КадырбековТапанша
Тапанша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция дүйсенбі күні кешке бүкіл Павлодарды дүр сілкіндірген атыстың себептерін айтып берді

АСТАНА, 10 қаң — Sputnik. Павлодарда Толстой және 1 май көшелерінің маңында болған атыс көлік тұрағына байланысты туындаған қақтығыс нәтижесінде орын алған деп хабарлайды Павлодар облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Аурухана - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодардағы атыста жарақат алған адам ауруханада жатыр

33 жастағы жәбірленушінің берген мәліметі бойынша, сағат 18:00 кезінде қалалық және ювеналді сот алдындағы көлік тұрағына BMW және Lexus көліктерін қою кезінде туындаған қақтығыс осы оқиғаға себеп болған. Lexus иесі мәселені травматикалық қарумен шешпек болыпты.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 293 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті — Lexus иесін ұстау үшін облыстың және жақын аймақтардың ІІД-нан жеке құрам жұмылдырылды. Ведомствоның айтуынша, күдікті жуық арада ұсталады.

Жаңалықтар
0