09:57 17 Қазан 2017
Тікелей эфир
қарт әйел

Степногорскіде алаяқтар 90 жастағы зейнеткерлердің 1,6 млн астам теңгесін қолды етті

© Sputnik / Константин Чалабов
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
14 0 0

Массаж жасайтын құралдар сатушысы кейпін танытқан жас жігіттер зейнеткерлерден ақшаларын қайда тығып қойғанын анықтап алып, ұрлап кеткен

АСТАНА, 10 қаң — Sputnik. Степногорск қаласында коммуналдық қызметтің екі жалған жұмысшысы  93 жастағы зейнеткер мен оның зайыбының ақшасын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі. 

Ведомствоның мәліметінше, Степногорск қаласында 6 қаңтар күні екі бейтаныс адам зейнеткердің үйін қаққан, өздерін қалалық су арнасының қызметкерлері деп таныстырып, ас үйде су тазартатын құрылғы орнату қажеттігін айтқан. Содан зейнеткер мен оның 90 жастағы әйелі ас үйдегі "қызметкерге" қарап тұрғанда, екінші ер адам дәлізде тұрған. 

Бірақ жатын бөлмесінде сақтаған 1 миллион 67 мың теңгесінің жоғалғанын ерлі-зайыпты екі сағаттан кейін ғана байқаған. Содан олар бірден полицейлерге хабар берген.

Қария бір күн бұрын олардың үйіне бір жігіттің келіп, массаж жасайтын заманауи құралды сатып алуын ұсынғанын есіне түсірді. Сол сәтте "сатушы" үй иесінің ақшаны қайдан алғанын көрген екен.

Екі күннен кейін полиция қызметкерлері 28 және 29 жастағы екі ер адамды ұстап, оларды уақытша ұстау изоляторына отырғызды. Ұсталғандар ақша ұрлағандарын мойындап отыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.


Басты тақырыптар