02:41 23 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Тапанша

Павлодарда атысқан адамдар ұсталды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
21 0 0

Ұсталғандар жауап алынып, сараптамалар тағайындалды

АСТАНА, 10 қаң — Sputnik. Ұсталғандардың Lexus автокөлігі мен қаруы алып қойылды, деп хабарлады Павлодар облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

"Қазіргі уақытта ұсталғандардан жауап алынып жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалып, аталған тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттер жасау себептерін анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", — делінген таратылған хабарламада.

Сондай-ақ, жарақаттармен ауруханаға жатқызылған, бұрын соңды бірнеше рет сотты болған Павлодар тұрғынының жанжалдың шынайы себебін және қашып кеткендердің тұлғасын жасырып, тергеуді шатыстырмақ болғаны хабарланады. Зардап шегуші жағылғаннан кейін жанжалдың екі тарапының да уәждері тыңдалып, мұқият тексерілетін болады. 


Басты тақырыптар