00:33 29 Мамыр 2017
Тікелей эфир
автобус

Петропавл тұрғыны бағыттық автобусты айдап кетті

© Foto: ДВД Северо-Казахстанской области
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
4 0 0

Автобусты тұрақтан заңмен проблемасы бар мас ер ада айдап кеткен

АСТАНА, 10 қаң — Sputnik. Петропавлда мас ер адам бұзақылық ниетпен жолаушылар автобусын айдап кетті, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес, полицияға Петропавлда түнде "Ювента" қонақ үйінің маңындағы тұрақтан №101 бағыттық автобусы айдап әкетілді. 

"Қаскүнем салонға кіріп, автобусты оталдырып белгісіз бағытта айдап кеткен. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізіп, оның барысында бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенген. Бірнеше сағаттың ішінде автобус Береке шағын ауданынан табылды. Қаскүнемді тағы бір тәулік іздестірген",  - деп ақпараттандырды ІІД-де. 

Нәтижесінде айдап әкету күдігі бойынша Петропавл қаласының 26 жасар тұрғыны ұсталды. 

"Бұрын соңды оның мүліктік қылмыстар үшін бірнеше рет сотты болғаны анықтады. Ол автобусты бұзақылық ниетпен мас кезінде айдап әкеткенін айтқан. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы бойынша сот алды тергеу жүргізілуде", — деп түйді баспасөз қызметінде. 


Басты тақырыптар