02:25 23 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Өрт сөндірушілер

Алматы өрт сөндірушілері пәтерде әйел кісінің жансыз денесін тапты

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Оқиғалар
Қысқа сілтеме алу
31 0 0

Өрт кезінде екі адам құтқарылып, біреуі жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды

АСТАНА, 11 қаң — Sputnik. Алматы қаласында пәтерде өрт шығып, оны сөндіру барысында әйел кісінің жансыз денесі табылды, деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова. 

11 қаңтар күні таңғы сағат 05.53-те Алматы қаласы ТЖД "101" пультіне Әуезов ауданы 3-ші шағын ауданының төрт қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында пәтердің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Алғашқы өрт сөндіру тобы шақыру орнынан сегіз минуттен соң, сағат 06.11-де келіп жетті. 

"Өртті сөндіру және газ түтінінен құтқарушылар тобының барлауы кезінде жуынатн бөлемде 1966 жылы туылған пәтер иесінің бас жарақатын алған жансыз денесі табылды. 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді, олардың бесеуі бала", — деп хабарлады Баймұхамбетова. 

Оның айтуынша, үшиінді сатының көмегімен отпен күресушілер екі адамды құтқарып қалған. Олардың бірі – 1983 жылы туылған азамат ауруханаға жатқызылды. 

Қабылданған шаралармен өрт 06:19-да ауыздықталып, 06.19-да жойылған. Өр ауданы 35 шаршы метрді құрады. Өрт себептері анықталуда.


Басты тақырыптар