Оқиға

Бигелді Ғабдуллин кінәсін мойындап, 20 млн теңгеден астам қаражат төледі

© Photo : altaynews.kzБигелді Ғабдуллин
Бигелді Ғабдуллин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғабдуллиннің адвокаты өзінің қорғалуындағы кісіні қылмыстық жауапкершіліктен бостау туралы өтініш берді

АСТАНА, 11 қаң — Sputnik. Бопсалауда айыпталған Central Asia Monitor газетінің бас редакторы, Radiotochka.kz сайтының директоры Бигелді Ғабдуллин 20 миллион теңгеден астам көлемдегі зиянды толық өтеп, сонымен қатар өз кінәсін мойындады, деп хабарлады Ғабдуллиннің адвокаты Аманжол Мухамедьяров. 

Сәрсенбі, 11 қаңтар күні Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ғабдуллиннің  ісі бойынша алдын ала тыңдау өтуде.  Ғабдуллин сотқа ҚР ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша берілді. 

"Сотқа дейінге тергеу барысында Ғабдуллин жасалған қылмыста кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкініп, қылмысты ашуға және тергеуге белсенді ықпал етті. Зардап шеккен тұлғаларға 20 миллион 625 мың теңге көлемінде келтірілген зиянды толық өтеді (…) Іс бойынша барлық зардап шеккендер Ғабдуллин келтірген зиянның толық көлемде өтелгенін мәлімдеді", — деді Мухамедьяров сәрсенбідегі тыңдау кезінде.  

Бекжан Ыдырысов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Радиоточка: жыл соңына дейін жұмыс істейміз

Тыңдау барысында адвокат қылмыстық іс бойынша өндірісті тоқтатып, Ғабдуллинді қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады. 

Судья Бағлан Ыдырысов кеңесу бөлмесіне кіріп кетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы 15 қараша күні  Бигелді Ғабдуллиннің бопсалау дерегі бойынша ұсталғанын хабарлаған еді. Тергеу мәліметінше, Ғабдуллин қарауындағы бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың басшыларына қатысты абыройын түсіру және жағымсыз материалдар жариялау жолымен ақпараттық шабуылды үдеткен. Осыдан кейін Ғабдуллин сынды азайтқаны үшін лауазымды тұлғалардан өз медиа ресурстарына мемлекеттік тапсырыстарды бопсалаған.


Жаңалықтар
0