Оқиға

Қостанайда жарылғыш заттың кесірінен жас бала саусақтарынан айырылды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Белгісіз жарылғыш заттан 10 және 13 жастағы екі жас өспірім зардап шекті

АСТАНА, 16 қаң – Sputnik. Қостанайда белгісіз заттың жарылуы салдарынан жас бала саусақтарынан айырылды. Облыстық балалар ауруханасына 14 қаңтар күні жарақат алған 10 және 13 жасар екі бала түсті деп хабарлайды Alau.kz Қостанай ІІД-не сілтеме жасап.

"Полицейлер белгісіз заттан зардап шеккен жасөспірімдер дерегі бойынша сот алды тергеу жүргізуде. Тергеу барысында сырттай петардаға ұқсайтын затқа сараптама жүргізіліп, оқиғаның себебі анықталады", — деп хабарлайды Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.

Жарылыс толқыны балалардың бірінің бірнеше саусағын жұлып әкетіпті, қатты күйік жарақатын алып, көп қан жоғалтқан. 

 

 

Жаңалықтар
0