05:43 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Қазақстандық студенттер Азамат Тәжияқов пен Дияс Қадырбаев

Бостондық теракт жөніндегі фильмде Қадырбаев пен Тәжаяқовтың оқиғасы көрсетілді

usatoday.com
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
19 0 0

АҚШ-та қазақстандық студенттер Азамат Тәжияқов пен Дияс Қадырбаев Бостондағы терактіні тергеуге кедергі келтірді деген айыппен бас бостандығынан айырылған

АСТАНА, 19 қаң – Sputnik. Интернетте "Патриот күні" деген фильм жарияланды. Онда тергеу нәтижесінде екі қазақстандық студенттің бас бостандығынан айырылуларына әкеп соқтырған Бостондық теракт төңірегіндегі оқиға көрсетілген.

Қазақстандық студенттер  Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев 2015 жылғы маусымда АҚШ-та  Қадырбаев Бостондағы терактіні тергеуге кедергі келтірді деген айыппен 3,5 және 6 жылға бас бостандықтарынан айырға сотталған. 

Тәжияқов бұл мерзімнің 25 айын тергеу және сот процесі аясында қамауда болды. Жақсы тәртібі үшін оның жаза мерзімін 15%-ға қысқартып, ол өткен жылғы маусымда елге оралды. 

Екінші сотталушы қазақстандық Диас Қадырбаев жазасын өтеп жатыр. 

Фильмде 2013 жылы Бостондық марафоннан  кейін полиция комиссары Эд Дэвис әріптестерімен бірлесіп террористерді іздеу шарасын бастағаны көрсетілген. Америкалық фильмнің режиссері Питер Берг болды. Фильмге Марк Уолберг, Мелисса Бенойст, Дж.К. Симмонс, Джон Гудман секілді танымал актерлер түскен. Джохар Царнаевтың рөлін Алекс Вулф, Тамерлан Царнаевтың рөлін Темо Меликидзе сомдаған. Бірнеше эпизодта қазақстандық студенттер Диас Қадырбаев пен  Азамат Тәжаяқов көрсетілген. Олардың рөлдерін онша танылмаған актерлер — Элайджа Гуо және Джин Янг Бранкальяо сомдады. 


Загрузка...

Басты тақырып