23:26 19 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD387.14
  • EUR428.18
  • RUB6.06
дәрігер

Дәрігер – дәрігер емес: денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желідегі бейнені тексеруде

CC0 / valelopardo
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
28 0 0

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі бас дәрігердің емделушілерден ақша "сындыруға" шақырған сәті бейнеге түсірілген аурухананы іздестурде

АСТАНА, 25 қаң — Sputnik. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі (әрі қарай – ҚР ДСМ) Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті WhatsApp мессенджері мен Facebook әлеуметтік желісі арқылы таралған бас дәрігердің әдептен тыс тәртібі туралы жазба түсірілген медициналық ұйым басшысын анықтауда.

"Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау аймақтық комитеті (әрі қарай — МФҚБК) жазбаның қай медициналық ұйымда және қашан түсірілгенін айқындаған соң, аталған ұйымда нормативтер мен стандарттарды бұзу фактілерін анықтап, сәйкес ұсынысты жергілікті атқарушы органға жібереді", — делінген хабарламада.

ҚР ДСМ барлық азаматтарға диагностикалау мен емдеудің тағайындалуына күмән болған жағдайда, немесе пациенттер құқығының бұзылу фактілері анықталғанда МФҚБК аймақтық департаменттеріне, не болмаса (7172)742802 сенім телефонына хабарласуды ұсынады.


Загрузка...

Басты тақырып