Оқиға

ҚР СІМ: Таиландта көз жұмған турист Алматы тұрғыны

© Sputnik / Болат ШайхиновЗдание министерства иностранных дел РК В Астане
Здание министерства иностранных дел РК В Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам әйелімен бірге Паттайяда демалып жатқан, 2 ақпанда үйіне оралға тиіс болатын

АСТАНА, 1 ақп — Sputnik. Таиландта жансыз денесі табылған Қазақстан азаматы Алматы тұрғыны болып табылады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов. 

Паттайя қаласында 1 ақпанға қараған түні қонақ үйлердің бірінде 1976 жылы туылған Қазақстан азаматының жансыз денесі зорлық белгілерсіз табылды. Жайнақовтың сөзіне қарағанда, қаза тапқан Алматы тұрғыны болып табылады. 

"Қонақ үй бөлмесінде қаза тапқанмен бірге оның азаматтық әйелі болған. Жұп Таиландқа демалуға 2017 жылдың 20 қаңтарында келіп, 2 ақпанында Қазақстанға қайтуға тиіс болатын", — деп қосты Жайнақов. 

Қазіргі уақытта жергілікті құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізуде. 

Паттайя - Sputnik Қазақстан
Оқиға
БАҚ: қазақстандық туристің денесі Таиланд отелінен табылды

Қаза тапқанның денесі сот-медициналық сараптамаға жолданған. Қазақстанның Таиландтағы елшілігі қаза тапқандардың туыстарын ақпараттандырды, деп түйді баспасөз басшысы. 

Бұдан бұрын pattayaone.news порталы полицейлердің тайлық Паттайя қаласының отельдерінің бірінде қазақстандық туристің денесін тапқанын хабарлаған. Полицейлер бөлмеде ер адамның жалаңаш денесін тапқан. Жанында қатты мас болған қыз жатқан. Ол жылап, тергеушілерге ешнәрсе түсіндіре алмаған.  Мәйітті алдын ала қарау, ер адамның шамамен бір тәулік бұрын көз жұмғанын көрсеткен. Жұптың ішімдікке әуесқойлығы болжанып отыр, өйткені бөлменің барлық жерінен көптеген бос шөлмек табылды, деп ақпараттандырады портал.


Жаңалықтар
0