15:17 18 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.51
  • EUR418.91
  • RUB6.13
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
70 0 0

Лисаковскіге жақын жердегі Қызылжар тоғаны аумағында бойжеткен қыз жазатайым оқиғаға тап болды

АСТАНА, 3 ақп – Sputnik. Селфиге түспек болған 25 жасар қыз мұз астына түсіп кетті, алайда оны дер кезінде шығарып алып, дәрігерлер жәрдем көрсетті деп хабарлайды "Акцент ТВ" сайты.

Мамандардың бағалауынша, сол маңайдағы мұздың қалыңдығы төрт сантиметрден аспайды екен. Мұз астына түсіп кеткен қыз туралы хабар жедел жәрдем қызметіне 12.52-де келіп түсті. Дәрігерлер зардап шеккен қызды қабылдау бөліміне алып барды.

"Өзенге келіп, суретке түсейін дегенмін. Қарасам, балықшылар отыр екен, еш қауіп жоқ деп ойладым. Шетін басып көріп едім, мұз шытынамады. Камерамды реттегенше, мұздың шытынай бастағанын естідім. Кері шегініп үлгермей, суға құлап кеттім. Тез жүзіп, жағаға шықтым. Балықшылар мен полиция келіп жетті. Телефоным суға кетіп қалғаны обал болды, несиесін енді ғана төлеп едім. Бірақ, ең бастысы, аман қалдым", — дейді қыз. 

Загрузка...

Басты тақырып